Алматының туризм саласына салынған инвестиция соңғы 8 жылдағы рекордтық деңгейге жетті
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының туризм саласына салынған инвестиция көлемі соңғы сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері айтты.
2026 жылы қаңтар-шілде айларында туризм саласындағы негізгі капиталға 137,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,3%-ға жоғары.
Әсіресе, 2019 жылы қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда Алматының туризм саласына салынған инвестиция көлемі шамамен 2,8 есе артқаны байқалады.
Қаражаттың негізгі бөлігі жолаушыларды жерүсті және әуе көлігімен тасымалдауды, өнер, ойын-сауық және демалыс нысандарын, қонақ үй инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ автокөлікті жалға беру және лизинг қызметтеріне бағытталды.
Инвестиция көлемінің ең жоғары өсімі автокөлікті жалға беру және лизинг, жолаушылар тасымалы, өнер, ойын-сауық және демалыс бағыттарында байқалды.
Бұл көрсеткіш Алматыда туризм индустриясының жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын көрсетеді. Кәсіпкерлер қаржыны тек қонақ үйлер мен туристік нысандарға ғана емес, олармен байланысты көлік, мобильділік, қонақжайлық, ойын-сауық және демалыс инфрақұрылымына да бағыттап отыр.
Қалада туристер үшін қолайлы жағдай жасалып, олардың Алматыда ұзақтау болуына мүмкіндік беретін заманауи туристік экожүйе қалыптасып келеді. Бұл ретте көрсетілетін қызмет түрлері де кеңейіп, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа мүмкіндіктер пайда болып отыр.
Жеті айда салынған 137,8 млрд теңге бизнестің Алматының туристік әлеуетіне деген сенімінің айқын көрсеткіші. Сонымен қатар бұл туризмнің қала экономикасын дамытудың болашағы зор бағыттарының біріне айналып келе жатқанын аңғартады.
Инвестициялық белсенділіктің сақталуы жаңа жобаларды жүзеге асыруға, заманауи туристік нысандардың көбеюіне және қалалық инфрақұрылымның сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Алматының Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші туристік орталық ретіндегі позициясын одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:02, 14 қыркүйек 2026
Елордада есірткі жасырылған 100-ден астам орама тәркіленді
-
14:52, 14 қыркүйек 2026
Фастфуд пен газды сусындарсыз: 2026 жылы Қазақстан мектептерінде балаларға қандай тағам беріледі
-
14:42, 14 қыркүйек 2026
Алакөлде көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетел азаматы тіркелді
-
14:26, 14 қыркүйек 2026
Қазақстандық ғалымдар жаңа сусын әзірледі
-
14:20, 14 қыркүйек 2026
Алматыда 22 млн теңгеге жуық қаржыны иемденген күдікті «логистер» ұсталды





