Мемлекет басшысы Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті
© Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді БРИКС саммитінің табысты өтуімен құттықтап, халықаралық ауқымдағы іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жеткізді, делінген 2026 жылғы 13 қыркүйектегі Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Президент әлемдік экономикада көшбасшылардың бірі саналатын Үндістанның ғылыми-техникалық саладағы тамаша жетістіктеріне және халықаралық аренадағы зор беделіне тоқталды.
"Үндістан Сіздің парасатты әрі тегеурінді басшылығыңызбен прогресс пен орнықты даму жолында алға қарай нық қадам басып келеді", – деді президент.
Мемлекет басшысы қазақ-үнді қарым-қатынасы көптеген бағытта қарқынды ілгерілеп келе жатқанын атап өтті.
"Бүгінде Қазақстанда үнді капиталының үлесі бар 600-дей компания нәтижелі жұмыс істейді. Былтыр елімізге 150 мыңға жуық Үндістан азаматы келді. Қазақстанда көптеген үнді студенттері білім алып жүр. Сондай-ақ біз халықаралық ұйымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Нарендра Моди БРИКС саммитіне қатысқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалар мен ұсыныстардың өзектілігіне назар аударды.
Үндістан премьер-министрі Қазақстанмен достыққа және өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын жеткізді.
Көшбасшылар екіжақты күн тәртібіндегі нақты мәселелерді, соның ішінде энергетика, цифрландыру, білім және туризм салаларындағы ынтымақтастық жолдарын талқылады.
Нарендра Модидің айтуынша, екі елдің жоғары технология және креативті индустрия бағыттарындағы әлеуеті мол. Осы орайда, Astana Hub және Хайдарабад технологиялық экожүйелері арасындағы серіктестіктің келешегі зор.
Үндістан премьер-министрі Қазақстанның өкілдерін, әсіресе, жастарды келесі жылы Мумбайда өтетін WAVES Креативті индустрия саммитіне қатысуға шақырды.
Тараптар Үнді елі мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ЕАЭО Төрағасы ретінде Ұйым мен Үндістан арасында еркін сауда аймағын құру жөнінде келіссөздер жүргізуді құптайтынын және оны ілгерілетуге ықпал етуге дайын екенін айтты.
Бұған дейін Мемлекет басшысының "БРИКС плюс" саммитіне қатысқаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:51, 13 қыркүйек 2026
Тоқаев «БРИКС плюс» cаммиті аясында қандай елдердің басшыларымен жүздесті
-
14:59, 13 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы «БРИКС плюс» саммитіне қатысты
-
12:41, 13 қыркүйек 2026
Президент Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті
-
12:28, 1 қыркүйек 2026
Қазақстан президенті Еуразиядағы қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныс айтты
-
21:47, 25 шілде 2026
Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты





