Алматыда 22 млн теңгеге жуық қаржыны иемденген күдікті «логистер» ұсталды

14:20, 14 қыркүйек 2026
MKZ: 1566717

© Фото: Zakon.kz

Алматыда 22 млн теңгеге жуық алаяқтық жасады деген күдікпен Жамбыл облысының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер өздерін логистикалық компанияның қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушіге теміржол вагондарын ұсынуға уәде берген.

Олар азаматтың сеніміне кіріп, 21 млн 883 мың теңгесін иемденген.

Күдіктілерді Жамбыл облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Тергеу басқармасының қызметкерлері ұстады.

Алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот шешімімен екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматының Грузиядан экстрадицияланғаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!