Елорда полицейлері дүкеннен қомақты ақша ұрлаған күдіктіні ұстады

12:37, 11 қыркүйек 2024

© Сурет: pexels

Байқоңыр ауданы полиция басқармасына азық-түлік дүкенінің иесі жүгініп, ақша ұрланғаны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдің айтуынша, күндізгі уақытта тауарды түсіру кезінде ол 1 млн 390 мың теңге және құжаттары бар сөмкені дүкендегі сөреде қалдырған.

Осы уақытта сатып алушылардың бірі қолайлы сәтті пайдаланып ақша салынған сөмкені алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер ұрлыққа қатысы бар қаланың 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Қолма-қол ақша салынған сөмке тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, шағын және орта бизнес объектілерін бейнебақылау камераларымен жабдықтауға және жұмыс орындарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!