Елорда күнінде бірқатар мәдени-бұқаралық шара өтеді

12:20, 5 шілде 2017

Елорда күнін мерекелеу аясында өтетін ірі шаралардың бірі ашық аспан астында өтетін рок-концерт болмақ.

Кештің хэдлайнерлері «Motor-Roller» және «UMAY» топтары. Концерт 6 шілде күнісағат 20:00-де қалалық алаңда өтедіКіру – тегін.

Астана тұрғындары мен қонақтары орта ғасылардағы көшпелілер мәдениетін тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

Елорда күні қаланың орталығында «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының жанында «Көшпелілер қаласы» тарихи-этнографиялық, мәдени ойын-сауық кешені орын тебеді. Елордамыздың қазіргі заманғы сәулеттік ғимараттарының ортасынан бой көтерген ортағасырлық қалашықта қала тұрғындары мен қонақтары Қазақстанның аумағында мыңдаған жыл бойы қалыптасып, дамып келе жатқан бірегей өркениеттің ерекшеліктерімен және байлығымен етене танысады.Бұл сәулет қана емес, сондай-ақ ата-бабаларымыздың әскери техникасы да, тұрмысы да, мәдениеті де, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.

Этноқалашықта өткеніміз бен қазіргі заманғы үрдіс үйлесім табады. Көшпелілер қалашығы өз жұмысын 6 шілдеде сағат 10:00-де бастайды және ЭКСПО халықаралық көрмесі аяқталғанша қыркүйектің 10-ына дейін өтеді.

Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко елорданың 19 жылдығына керемет сый жасамақ.

6 шілде күні әлемдік турне аясында үздік мәнерлеп сырғанаушылар Евгений Плющенко, Ирина Слуцкая, Никита Михайлов, Анастасия Мартюшева, Нодар Маисурадзе, белгілі канадалық мәнерлеп сырғанаушы Эмануэль Сандю мен басқалары мұз айдынында ғажайып «Щелкунчик» шоу ертегісін көпшілік назарына ұсынады. Қойылым күн сайын шілденің 6-сы мен 15-сі аралығында сағат 19:00-де «Барыс Арена» стадионында өтеді. Билетті www.koncertyastany.kz сайтынан сатып алуға болады, құны – 1000 теңгеден 3000 теңгеге дейін.

Бұдан басқа әдемі костюмдер, әсерлі голограммалар мен бейнеэфффектілер көрермендерді тәнті етпек.

6 шілдеде сағат 15:00-де «Жастар» сарайының жазғы алаңында караокеден Астана әкімінің кубогына «Бәрі де ән айтады» ашық чемпионаты өтеді. Финалда іріктеу турларынан және жартылай финалдан сүрінбей өткен үздік 15 қатысушы бақ сынасады. Топ жарған әнші әкімнің кубогын иеленіп, ақшалай сыйлық алады. Караокеден қалалық чемпионатқа белгілі орындаушылар қолдау көрсетеді. Ұйымдастырушылар көрермендерге тосын сый жасау үшін олардың есімдерін әзірге, құпия сақтап отыр.

V «Серпер» халық аспаптары оркестрлерінің фестивалі аясында 6 шілдеде қала әкімдігінің жанындағы (қалалық алаңда) сахна төрінде Қазақстан мен Ресейдің 6 оркестрінің 200 музыканты «Серпер», «Сарыарқа» сынды үздік күйлерді орындайтын болады. Концерт сағат 13:00 - 15:00 аралығында өтеді.

Елорда күні құрметіне Қазақстан мен шетелдік үздік үрмелі аспаптар оркестрлері осымен 8-ші жыл қатарынан «Астана Самалы» халықаралық үрмелі аспаптар фестивалінде бас қосады.

6 шілдеде Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрінің, Астана қаласы Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетілімді оркестрінің, МКҚ үрмелі аспаптар оркестрінің, Моңғолия Қорғаныс министрлігі Әскери училищесінің үрмелі аспаптар оркестрінің, Бішкек қаласының Мэриясы жанындағы үрмелі аспаптар оркестрінің, Орынбор қаласының үрмелі аспаптар оркестрінің қатысуымен парад-концерт өтеді.

Шеру сағат 10:00-де басталады және Республика даңғылының бойымен Әскери-тарихи музейден бастап «Жастар» сарайына дейін өтеді. «Астана Самалы-2017» фестивалі қалалық алаңда Плац-концертпен аяқталады. Басталуы сағат 16:00-де.

Елорда күніне арналған мерекелік шаралардың бірі «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда өтетін жас таланттардың «Шаттық» халықаралық фестивалі болмақ. зерттелмегенді зерттеуге деген құлшынысын айқын жеткізеді. Басты шаралар «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Литва, Латвия, Беларусь, Грузия, Армения, Болгария, Поргтугалия, Чехия, Италия, Қытай және Түркия елдерінен келген жас әртістер мен ұжымдар өз өнерлерін ортаға салады.

Мерекелік шаралар қаланың үш жерінде, атап айтқанда, «Хан Шатыр» СОСО жанындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында, сонымен қатар Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысындағы саябақта ұйымдастырылатын отшашумен аяқталады. Отшашу сағат 23:00-де басталады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!