Келісімшартпен әскери қызмет атқарушылардың жалақысы үш жыл бойында 60%-ға өседі
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы Сұлтан Камалетдинов 2024 жылғы 30 қазанда келісімшартпен әскери қызметін өтеушілерге қатысты жақсы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сұлтан Камалетдинов солдат, сержант және офицерлік құрам лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып жүргендердің ақшалай қаражатын ұлғайту көзделіп отырғанын жеткізді.
"Үш жыл ішінде жалпы өсім 60%-ға артады. Сонымен қатар қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар әскери қызметшілер үшін жеңілдіктер қарастырып жатыр. Атап айтқанда, жылына бір рет берілетін демалыс кезінде жол ақысын тегін ету, полигонға шыққандарға өтемақы қарастыру, коммуналдық қызметтердің ақысына қатысты жеңілдіктер. Бұл мәселелер әлі де пысықталып жатыр", - деді ол.
Ол жалақыға қосылатын нақты соманы атамады, бұл әскери қызметкердің лауазымына байланысты көрінеді.
"Мәселен, қазір келісімшартпен жұмыс істейтін әскери қызметкер кем дегенде 90 мың теңге алады. Бұл - біздегі ең аз жалақы", - деді қорғаныс вице-министрі.
2024 жылы 30 қазанда Мәжіліс депутаттары еліміздің қорғаныс саласына қатысты "өзін-өзі қорғауды қалыптастыру" және "еріктілер" деген жаңа ұғымдар енгізілетін заң жобасын мақұлдады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:47, 30 қазан 2024
Астанада Роза Мұқанованың 60 жас мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті
-
19:23, 30 қазан 2024
Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды
-
19:18, 30 қазан 2024
«Ұшаққа жай түсті». Шымкент – Алматы рейсінің неге кешіктірілгені белгілі болды
-
18:57, 30 қазан 2024
Мемлекет басшысы G42 компаниясының басқарма төрағасы Пенг Сяоны қабылдады
-
18:57, 30 қазан 2024
Алматы облысында жаңа туған сәбиді өлтірді деген күдікке анасы ілінді