Қазақстанда 2025 жылы еңбек демалысын қай уақытқа алу тиімді
© Сурет: pexels
Екі айдан кейін 2024 жыл аяқталады, дегенмен келер жылғы еңбек демалысыңызды қазірден жоспарлай бергеніңіз дұрыс. Басты мақсат - демалыс төлемін барынша көбейту, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық HeadHunter мамандары демалыс алуға ең тиімді уақытты айтып берді.
2025 жылы демалыс үшін ең тиімді айлар
Демалыс төлемдері тұрғысынан ең қолайлы айлар – сәуір, шілде, қазан және желтоқсан.
Аталмыш айларда жұмыс күндерінің ең көп саны бар (әрқайсысы 22), бұл демалыс төлемдерінің сомасына оң әсер етеді.
Тамыз және қыркүйек айларында да демалыс алу тиімді: осы айлардың әрқайсысында 21 жұмыс күні бар.
Айдағы жұмыс күндерінің көп саны, жиынтық соманы арттырады.
Демалыс үшін қолайсыз айлар
Демалыс қаражатына назар аударатындар үшін наурыз және мамыр айлары ең қолайсыз айлар болады. Наурызда небәрі 17 жұмыс күні бар, демек тиісінше қаражат көлемі де аз болады. Мамыр айында – 19 жұмыс күні бар, бұл да төлем көлемінің аз болатындығын білдіреді.
Ал, егер сізге керісінше демалыс ұзақтығы маңызды болса, жоғарыда айтылған наурыз бен мамыр айларындағы мерекелерді есепке ала отырып, шыққаныңыз тиімді.
Жалпы, 2025 жылы Қазақстанда 246 жұмыс күні қарастырылған, ал Өзбекстанда 254 жұмыс күні, Қырғызстан мен Ресейде 247 жұмыс күні күтілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:00, 31 қазан 2024
Алматыда Медеуге дейінгі жол 14 жылда алғаш рет жөнделді
-
18:33, 31 қазан 2024
Тоқаев Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
18:28, 31 қазан 2024
AI-ARU - Сыр елінің би өнеріндегі серпіліс
-
18:21, 31 қазан 2024
Қазақстанда қанша қыз адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салғызды
-
18:02, 31 қазан 2024
Алматыда кезекті заңсыз ТЖО бұзылады