31 қазанда өткен саудада доллар тағы біраз төмендеді
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 31 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,13 теңгеге төмендеп, 488,26 теңгені құрады.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,42 теңгеге (+0,04) дейін көтерілді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 488,3-490,1 теңгеге, еуро 529,5-533,5 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,09 теңгеге сатылуда.
Сонымен қатар, 31 қарашадағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, қаңтар айындағы Brent фьючерстерінің құны ICE Futures электрондық саудасында 0,26%-ға арзандап, барреліне $71,97 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,25%-ға төмендеп, барреліне 68,44 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 488,45 теңге, еуроны 529,19 теңге, рубльді 5,04 теңге деп белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:21, 31 қазан 2024
Қазақстанда қанша қыз адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салғызды
-
18:02, 31 қазан 2024
Алматыда кезекті заңсыз ТЖО бұзылады
-
17:50, 31 қазан 2024
Астана тұрғыны суды тазарту аппаратынан ақша ұрлап кетті
-
17:36, 31 қазан 2024
«Іске асырымды-ақ»: қазақстандық әйел үш жылда пәтерге қалай қаражат жинағанын баяндайды
-
17:28, 31 қазан 2024
Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасымен кездесті