Елімізде еңбек қауіпсіздігінің сақталмауынан 59 адам қайтыс болған
© Сурет: pixabay
Ел аумағындағы кәсіпорындарда жыл басынан бері 500-ге жуық жұмысшы жарақат алып, 59 адам қаза тапқан. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.
Осы мәселенің себеп-салдарын зерделеу және азайту мақсатында "Әділдік және Өркендеу" қоғамдық қоры өкілдері Шымкентте бас қосты.
Оған Алматы мен Шымкент қаласы, Түркістан, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда мен Алматы облысындағы өкілдіктерінің жетекшілері, белсенділер қатысты.
Қордың бастамасымен Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық комиссия құрылды, деп жазады qazaqstan.tv.
Арнайы топ жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасында диалог орнатуды, даулы жағдайларда бітімгер болуды көздейді.
Сондай-ақ, қор "Әділдік құқығы" интернет-қабылдауын да қолға алды. Оның мақсаты – әрбір азаматқа еңбек құқығы бойынша тегін заңгерлік кеңес беру, қазақстандықтардың құқықтық сауатын жоғарылату болып отыр.
"Біздің қордың ең басты тақырыбы жұмысшылар мен жұмыс беруші арасында бітімгер болу. Өйткені бұл халықаралық деңгейде бар практика. Бірақ Қазақстанда өте сирек кездеседі." Анар Ізден "Әділдік және өркендеу" қоғамдық қоры Қызылорда облыстық өкілдігінің жетекшісі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:04, 23 қазан 2024
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда мопедтерді тіркеу қашан басталатынын айтты
-
15:55, 23 қазан 2024
Ресейлік әйел 40 жасында ғана «83 маусымда» дүниеге келгеннін білді
-
15:48, 23 қазан 2024
Прокурорлардың ықпалымен жетім балалар тұрғын үй кезегіне қойылды
-
15:37, 23 қазан 2024
Теңгенің әлсіреуіне байланысты Қазақстанда қандай өнімдер қымбаттауы мүмкін
-
15:26, 23 қазан 2024
Өлтіріп, өзенге лақтырған: Атырауда жоғалған қыздың денесін іздеп жатыр