Елена Рыбакина US Open-2025 турниріндегі образын таныстырды

18:54, 12 тамыз 2025

© Фото: zakon.kz

24 тамызда Нью-Йоркте маусымдағы соңғы "Үлкен дулыға" турнирі – АҚШ-тың ашық теннис чемпионаты басталады. Онда әлемнің мықты теннисшілері өнер көрсетеді, олардың қатарында қазақстандық Елена Рыбакина да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасының лидері әрі әлемнің оныншы ракеткасы жанкүйерлеріне Нью-Йорк корттарында киетін формасын көрсетті.

Киім жиынтығы ақ түсті, алдыңғы бөлігінде және киімнің жоғарғы жағындағы екі қапталында ашық қызғылт сары түсті контрастты қосымшалармен әрленген. Жақасы дөңгелек, алдыңғы жағында қысқа сыдырма ілгек бар.

Алдағы турнирде Елена жаңа ақ түсті, қара күнқағарлы кепка киеді.

Қазір қазақстандық спортшы АҚШ-тың Цинциннати қаласындағы хард корттарында өтіп жатқан беделді әйелдер "Мастерс" турнирінде сәтті өнер көрсетіп жүр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!