«Дүние дидарындағы Димаш». Атақты әнші шығармашылығына арналған көрме ашылады

21:52, 9 қыркүйек 2024

© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

2024 жылы 12 қыркүйекте сағат 15:00-де Ұлттық музейде Қазақстанның халық әртісі, композитор және мультиаспапшы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған "Дүние дидарындағы Димаш" атты көрменің ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, көрме халықтың сүйіктісі Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концерті аясында әртістің шығармашылық жолы мен жетістіктерін көрсететін бірегей мәдени кеңістік құруға бағытталған.

"Дүние дидарындағы Димаш" көрмесіне қазақ жанының болмысын бейнелейтін, оның қайталанбас үнін қалыптастырған, өміріндегі елеулі оқиғалар туралы хабар беретін құндылықтар, танымал тұлғалар мен көптеген жанкүйерлердің сыйлықтары ұсынылады.

Көрме мазмұны жағынан бір-бірімен байланысты келесі бөлімдерден құралған:

  • "Шабыт көздері" – әртістің өмірбаяны, өскен ортасы, балалық шағы мен шығармашылық жолын көрсететін заттар (фотосуреттер, жекелеген заттар);
  • "Даңққа апарар жол" – кәсіби білім жолында алған дипломдары, республикалық, халықаралық байқауларда иеленген марапаттары және т.б.;
  • "Жанкүйерлер махаббаты" – әртістің жанкүйерлері тарту еткен сыйлықтар;
  • "Ұлт мәдениетінің жаршысы" – әлемдік аренада ұлттық мәдениет пен брендтің танылуына ықпал ететін Димаштың заттары (ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық костюмдері, баспа материалдары және т.б.).

Көрме 6 қазанға дейін жалғасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!