Димаш Құдайберген құтқарып қалған мобилограф әріптестеріне үндей жасады

10:25, 17 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/nurasyl_bekturganov

16 қыркүйекте Димаш Құдайбергенмен бірге кадрға іліккен астаналық мобилограф Нұрасыл Бектұрғанов әріптестеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрларда Астанада өткен концерт барысында танымал әншінің мобилографты құлаудан қалай құтқарып қалғанын көруге болады.

"Иә, барлығыңыз көргендей бұл жағдайдағы оператор жігіт мен боламын. Сахнаның шетінде тұрғанымды байқап, ұстап қалуға тырысқан Димаш Құдайбергенге рахмет!",- деп жазды Нұрасыл өзінің Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, ол жазба соңында өзінің әріптестерін жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармауға, сақтыққа шақырды.

Бұған дейін Ұлытау облысында той күні жантүршігерлік жол апаты болғаны хабарланды. Онда, қалыңдық жараланып, мобилограф көз жұмды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!