Доллар бағамы 4 маусымдағы саудада төмендеді

15:54, 4 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 4 маусым күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 485,34 теңгені құрап, 3,47 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,51 теңгеге дейін түсті (-0,16).

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 71,71 теңгені құрады (-0,53).

Айырбастау пункттерінде доллар 484,7–48 теңге аралығында саудалануда, еуро – 563–568,2 теңге, рубль – 6,35–6,50 теңге аралығына саудаға түсуде.

4 маусымда әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.

Атап айтқанда, ICE Futures электрондық биржасында тамыз айына арналған Brent мұнайының фьючерстері 1,28%-ға арзандап, барреліне 96,56 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында шілде айына арналған WTI мұнайы 1,16%-ға төмендеп, барреліне 94,91 долларды құрады. Соған қарамастан, апта басынан бері Brent мұнайы 4,54%-ға, WTI 8,24%-ға қымбаттаған.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 489,31 теңге, еуроны 568,33 теңге, рубльді 6,63 теңге деңгейінде белгілеген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!