Астана мен Алматыда аптап ыстықтан кейін жаңбырлы ауа райы болжанды

16:54, 4 маусым 2026

© Сурет: unsplash

Алдағы үш күнде Астана мен Алматыда қайтадан найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал Шымкентте жауын-шашын болмайды және +35°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі. Бұл туралы 5, 6 және 7 маусымға арналған ауа райы болжамында "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана бойынша ауа райы болжамы

  • 5 маусым: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°С, күндіз +27…+29°С.
  • 6 маусым: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +14…+16°С, күндіз +24…+26°С.
  • 7 маусым: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с. Түнде +14…+16°С, күндіз +26…+28°С.

Алматы бойынша ауа райы болжамы

  • 5 маусым: ауыспалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде +18…+20°С, күндіз +27…+29°С.
  • 6 маусым: ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел шығыстан 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 13 м/с. Түнде +17…+19°С, күндіз +23…+25°С.
  • 7 маусым: ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел шығыстан 3–8 м/с. Түнде +15…+17°С, күндіз +25…+27°С.

Шымкент бойынша ауа райы болжамы

  • 5 маусым: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +15…+17°С, күндіз +31…+33°С.
  • 6 маусым: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Түнде +15…+17°С, күндіз +30…+32°С.
  • 7 маусым: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Түнде +15…+17°С, күндіз +33…+35°С.

Бұған дейін еліміздің төрт өңірінде құрғақшылық болатыны болжанғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!