Синоптиктер болжамы: бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт нашарлайды

21:39, 3 маусым 2026

© Сурет: pixabay

Қазақстанның 16 облысында 4 маусымда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 4 маусымда күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда 4 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман түседі деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрып, батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 4 маусымда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Күндіз 36 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 4 маусымда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Ақмола облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда 4 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 4 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 4 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 4 маусымда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Түнде Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 4 маусымда батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15 м/с. Қонаевта 4 маусымда. батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 4 маусымда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 4 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі, ал облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 4 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада 4 маусымда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 4, 5 және 6 маусымға арналған еліміздің ең ірі қалалар бойынша ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!