World Boxing әуесқой боксшылардың әлемдік рейтингін жариялады. Тізімде қазақстандық боксшылар да бар
© Сурет: olympic.kz
World Boxing халықаралық ұйымы әуесқой боксшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңартылған рейтингте қазақстандық былғары қолғап шеберлері бірнеше салмақ дәрежесінде көш басындағы орындарын сақтап қалды.
- Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), Наталья Богданова (70 келіге дейін) рейтингтің бірінші сатысында тұр.
- Екінші орынға Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) жайғасты.
- Ал үздік үштікті Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) түйіндеді.
Айта кетейік, 15-21 маусым аралығында Гуйян қаласында (Қытай) бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 3 маусым 2026
Алматыда жүк көліктеріне қатысты бақылау күшейтілді
-
22:27, 3 маусым 2026
Алматыда күмәнді тіл үйрету курсын жарнамалаған әншілердің басы дауға ілікті
-
21:39, 3 маусым 2026
Синоптиктер болжамы: бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт нашарлайды
-
20:51, 3 маусым 2026
Ақмолалық азамат гүлге жұмсаған 7,5 мың теңгесін кері қайтаруды талап етті
-
20:39, 3 маусым 2026
Ұлттық кітапханада сақтаулы XII ғасырғы Құран қолжазбасының мәселесі талқыланды





