Ұлттық кітапханада сақтаулы XII ғасырғы Құран қолжазбасының мәселесі талқыланды

20:39, 3 маусым 2026

© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Түркия Қолжазбалар институтының президенті Жошкун Йылмазбен кездесу өтті. Басқосуда Ұлттық кітапхана қорындағы XII ғасырға жататын Құран қолжазбасының сақтау және қалпына келтіру бағытындағы мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар түркі-ислам өркениетінің жазба мұрасын сақтау ісіне айрықша мән беріп, жиында көне жазба мұраны қалпына келтіру және ғылыми тұрғыдан зерттеу бағытындағы Түркия тәжірибесі таныстырылды, деп хабарлайды 2026 жылы 3 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу аясында кітапхана қорындағы сирек кездесетін әрі құнды жазба жәдігерлер жинақталған көрме ұйымдастырылды.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді.

Сонымен қатар алдағы уақытта қолжазбаларды қалпына келтіру жұмыстарына Түркияның білікті мамандарын тарту жөнінде келісім жасалды.

Бұған дейін Еуропаның түкпір-түкпірінен келген қазақтар Париж төрінде бас қосқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!