Еліміздің төрт өңірінде құрғақшылық болатыны болжанады
© Фото: zakon.kz
Бүгін "Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы маусым айына арналған ауа райы болжамын, онда да құрғақшылыққа қатысты мәліметті жаңарта отырып, ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін гидрометеорологиялық орталық жаздың алғашқы айында Қазақстанның бірден 12 облысында құрғақшылық күтілетінін хабарлаған болатын. Ал бүгіндері нақтыланған болжамға сәйкес, маусым айында еліміздің төрт өңірінде атмосфералық құрғақшылық күтіледі:
- Ақтөбе облысында Шалқар ауданында;
- Алматы облысында Балқаш ауданында;
- Жетісу облысында Қаратал ауданында;
- Қызылорда облысында Арал және Қазалы аудандарында.
"Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың пайда болу ықтималдығы жоғары". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары осы ай үшін норма шамасында болады деп күтіледі.
Маусым айына арналған ауа райы болжамын мына арадан оқи аласыздар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:59, 3 маусым 2026
Ақмола облысында 10 жастағы бала суға батып кетті
-
18:41, 3 маусым 2026
Жұмаға қараған түні Жер магнитті дауылдың ықпалында болады
-
18:13, 3 маусым 2026
Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойды
-
18:13, 3 маусым 2026
Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заң жобасына қол қойды
-
17:57, 3 маусым 2026
Сейсенбіде еліміздің үш өңірінде аптап ыстық болады, ал қалған бөлігінде қолайсыз ауа райы болжанады





