Жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін ЖТС төлеу мерзімі 5 маусымда аяқталады
© Фото: pexels
Қазақстанда 2026 жылғы 5 маусымда жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл 2026 жылғы мамыр айында алынған кірістерге қатысты.
ЖТС әр айдың қорытындысы бойынша салық салынатын кіріс сомасына 9% мөлшерлеме қолдану арқылы есептеледі.
Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың (жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) кірісіне олардың атқарушылық құжаттарды орындау, нотариаттық, адвокаттық қызмет және кәсіби медиатор қызметі барысында алған барлық табыстары жатады. Бұған заң көмегін көрсету, нотариаттық әрекеттер жасау үшін алынған төлемдер, сондай-ақ шығындарды өтеу ретінде түскен сомалар да кіреді.
Бұған дейін 2026 жылғы маусымда қандай салықтарды төлеу керек екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 4 маусым 2026
Алматыда ерекше аллея ашылды
-
17:21, 4 маусым 2026
Қарағанды облысында асырап алған жетім балаларды жылдар бойы қорлаған отбасы сотталды
-
17:13, 4 маусым 2026
Алматыда есірткі заттарын заңсыз сақтау және тарату фактілері анықталды
-
17:09, 4 маусым 2026
«Классик» Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы рейтингтік турнирде күміс медальға ие болды
-
16:54, 4 маусым 2026
Астана мен Алматыда аптап ыстықтан кейін жаңбырлы ауа райы болжанды





