Дизайнер Аида Кауменова әкесінен айырылды

13:37, 11 қараша 2026
MKZ: 1577168

© Сурет: Instagram/aidakaumenova_official

Қазақстандық танымал сәнгер Аида Кауменованың әкесі қайтыс болды. Бұл туралы кәсіпкер 2026 жылғы 10 қарашада әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Aida KaumeNOVA сән үйінің негізін қалаушы әкесімен бірге түскен бейнежазбаны да жариялады.

"Әкем өмірден өтті. Кауменов Мұрат. Ол маған әрдайым сенетін және: "Қызым, мен өзім әкесіз өстім, сондықтан сендердің әрдайым қастарыңда болып, қамқорлық жасаймын", – деп айтатын", – деп жазды Аида Кауменова.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, сәнгер мамандығын таңдауға оған әкесі кеңес берген. Әріптестері мен достары кәсіпкерге көңіл айтып, қайғысына ортақтасты.

Сондай-ақ ол марқұммен қоштасу рәсімі 12 қарашада Жетісу облысының Сарқан қаласында өтетінін хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!