Алматы әкімдігі нөсерден кейінгі жағдайға түсініктеме берді
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда 2026 жылғы 10 қарашадан 11 қарашаға қараған түні 36 мм-ге дейін жауын-шашын түсті. Коммуналдық қызметтер нөсердің салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалада жаңбыр 10 қараша күні кештен бері жауып тұр. Әкімдіктің "Қазгидромет" РМК деректеріне сүйеніп хабарлауынша, 11 қараша күні сағат 10:00-дегі жағдай бойынша қалада 23 мм, Медеу маңында 26 мм, Камен үстіртінде 36 мм жауын-шашын түскен.
"Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, көшелер мен аулалардың су басқан учаскелеріндегі жағдайды реттеп жатыр. Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, түнде қаланың бірнеше ауданында су жиналған", – делінген хабарламада.
Қолайсыз ауа райының салдарын болдырмау және жою үшін жалпы саны 1 579 адамнан тұратын 85 жедел бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды. Жұмысқа 415 техника мен 97 мотопомпа жұмылдырылып, құм толтырылған 2 950 қап дайындалды. Тәулік бойы ауысыммен жұмысқа шығатын жол жұмысшыларының жалпы саны – 3 253 адам.
Синоптиктердің болжамынша, 11 қарашада жаңбыр күн соңына дейін үзіліспен жауады. Тағы 10 мм-ге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы +5…+7°C болады.
12 қарашада жауын-шашын жаумайды деп болжанып отыр. Тұман түсуі мүмкін.
Ауа райына байланысты Алматы тұрғындарына жолда сақ болу, көлік жылдамдығын азайту және автокөліктерін су жиналуы мүмкін жерлерге қоймау ұсынылады. Қатты жел кезінде ағаштардың астында және жарнама құрылымдарының жанында тұрмаған жөн.
Ал қала тұрғындары әлеуметтік желілерде көшелердегі жағдайдың видеоларын бөлісіп жатыр. Кадрлардың бірінде метро станцияларының біріне кіреберісті су басқаны көрінеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:56, 11 қараша 2026
Ақмола облысында мас күйде көлік жүргізген азамат 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
-
12:50, 11 қараша 2026
Қазақстанда колледжден кейін ЖОО-ға қалай түсуге болады: ҰБТ, емтихандар және тестілеу құны
-
12:46, 11 қараша 2026
АҚШ-та ерлі-зайыптылар үйлерінен 1930 жылы жазылған хат тауып алды
-
12:33, 11 қараша 2026
Алматыда нөсерден кейін көшелерді су басып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындады
-
12:24, 11 қараша 2026
Үндістанда қабылан балаға шабуыл жасап, мерт қылды





