Дэвис кубогы-2024: Қазақстанның екінші теннисшісі де жеңіліп қалды

17:48, 14 қыркүйек 2024

© Сурет: ktf.kz

Дэвис Кубогының бірінші әлемдік тобы аясында өткен екінші матч та Қазақстан үшін сәтсіздікпен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның ерлер арасындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко (әлемнің 57-ракеткасы) Август Хольмгренмен (әлемнің 166-ракеткасы) кездесті. Екі сетте де Шевченко 7:6, 6:3 есебімен қарсыласына жол берді.

Кездесу 1 сағат 52 минутқа созылды.

Бұған дейінгі матчта Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик әлемнің 247-ші ракеткасы Эльмер Мюллерден жеңілген еді. Осылайша екі матч да қазақстандық тенисшілер даттықтардан ұтылды.

Енді Қазақстан құрамасы жеңіске жету үшін жексенбіге жоспарланған барлық үш кездесуде де жеңуі тиіс болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!