Дәулет, Димаш және Дина: Шымкентте үшем дүниеге келді

09:54, 12 ақпан 2026

© Фото: Zakon.kz

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Сәбилер мен анасы 12 ақпанда үйіне шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Qazaqstan.tv телеарнасының ақпаратынша, ата-анасы балалардың атын Дәулет, Димаш және Дина деп қойды. Әрқайсысының салмағы екі келіден асты. Екінші және үшінші нәресте бірден реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылып, бір тәуліктен кейін негізгі бөлімшеге ауыстырылды. Барлық үш нәресте орталық мамандарының бақылауында 11 тәулік болды.

Сурет: Telegram/Qazaqstan

"Бұл отбасыда үшемнің дүниеге келуімен балалар саны жетіге жетті",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Алматыда 39 жастағы әйел үшем дүниеге әкеліп, бірден көпбалалы ана атанғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!