Мектеп бағдарламасындағы кейбір пәндердің атауы өзгерді

13:46, 18 тамыз 2026
MKZ: 1561915

© Фото: Zakon.kz/Алия Абди

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 18 тамызда өткен Үкімет отырысында ауыл мектептеріндегі білім беру жүйесін дамыту жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің сөзінше, ауыл мектептерінің инфрақұрылымын дамыту бағытында кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Қазіргі уақытта мектептердегі интернет желісінің сапасы тексерілді. Сондай-ақ оларды Starlink спутниктік интернетіне қосу мәселесі шешілді және әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді. Жасанды интеллект туралы заңға сәйкес пәндердің атауларына өзгерістер енгізілді. "Цифрлық сауаттылық" пәні "Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект", ал "Информатика" пәні "Информатика және жасанды интеллект" болып өзгертілді", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сонымен қатар 43 оқу мақсатына жасанды интеллект бойынша жаңа бөлімдер енгізілді.

"Жаңартылған оқу бағдарламалары өткен оқу жылында сынақтан сәтті өтіп, сарапшылардың оң қорытындысын алды. Бұдан бөлек, жасанды интеллектіні қолдануға арналған 19 әдістемелік ұсыным әзірленді", – деп толықтырды министр.

Бұған дейін бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалау тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!