«Қайрат» клубының футболшыларының қатары тағы бір шетелдік легионермен толықты
© Сурет: Telegram/fc_kairat
15 желтоқсанда "Қайрат" футбол клубы 25 жастағы финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненмен келісімшартқа отырғандарын қуана жариялады. Келісім 2027 жылғы желтоқсанға дейін жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша, Яакко кәсіби мансабын финляндиялық "ХИК" клубында бастаған.
2018 жылы ол англиялық "Брентфорд" клубына ауысып, екінші командасында ойнады. Кейін Оксанен жалға "Уимблдон" және шотландиялық "Мортон" клубтарында өнер көрсеткен. 2022 жылы жартылай қорғаушы Финляндияға оралып, "КуПС" клубымен келісімшартқа отырып, "Қайратқа" ауысқанға дейін сол клубта ойнаған.
Осы маусымда Яакко Оксанен "Қайратпен" УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездескен. Екі матчтың қорытындысы бойынша "сары-қаралар" 3:2 есебімен жеңіске жеткен, ал жартылай қорғаушы бірінші ойында гол соққан.
Жалпы осы маусымда Оксанен 51 матч өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Ол Финляндия ұлттық құрамасында 1 матч, U-21 жастар құрамасында 15 матч ойнап үлгерген.
Орталық жартылай қорғаушы Яакконың жасы 25-те, бойы - 180 см, салмағы - 70 келі.
Бұған дейін УЕФА Темірлан Анарбековты ресми түрде мойындағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да қарлы боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:35, 15 желтоқсан 2025
«Қатып өлген». БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда
-
19:56, 15 желтоқсан 2025
70-тен астам науқасқа АИТВ мен гепатит жұқтырған медбике сотталды
-
19:45, 15 желтоқсан 2025
Берлиндегі АҚШ пен Украина келіссөздерінің қорытындысы жария болды





