Бүгін ТМД-ны құру туралы "Алматы декларациясының" қабылданғанына 30 жыл толды
© Сурет: WikiCommons
Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жыл бұрын дәл осы күні ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылғанын еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
21.12.1991жылы Алматыда Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды. 30 жыл ішінде ТМД әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналды. Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматыда бұрынғы кеңестік он бір республиканың басшылары жиналып, маңызды стратегиялық шешім қабылдады, «ТМД-нің Алматы декларациясы» қабылданып, онда Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылғандығы жарияланды, оның тең құқылы бірлестікке ұмтылысы айқындалып, мақсаттары мен ұстанымдары нақтыланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





