Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

09:12, 15 қыркүйек 2024

© Сурет: pexels

Синоптиктер бүгін, 15 қыркүйекте еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайтынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 қыркүйекте Ақтөбе, Алматы, Риддер, Өскемен, түнде Астана, Қостанай қалаларында ауаның ластану сипатында қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, делінген болжамда.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына мыналар ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе тас жол бойында жүруден аулақ болу;
  • балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуге кеңес берілмейді;
  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз;
  • дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!