Бублик 15 эйс жасап, ATP 250 турнирінің жартылай финалына өтті

18:33, 9 қаңтар 2026

© Сурет: instagram/hkto.mens

9 қаңтарда Гонконгтағы ATP 250 турнирінің ширек финалдық матчтары өтті. Солардың бірінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік рейтингіде 11-орында тұрған Бубликтің қарсыласы 20 жастағы жергілікті талант Шан Цзюньчэн болды. Ұйымдастырушылар жас ойыншыға Wild card берген.

Қазір ATP рейтингінде 406-орында тұрған жас қытайлық теннисші жанкүйерлер мен мамандардың үмітін ақтап, турнирің екі айналымында жеңіске жетті.

Алайда ол жартылай финалға жолдамаға талас кезінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бубликті жеңе алмады. Бублик бірінші партияны 6:1 есебімен жеңді, кейін жергілікті жанкүйерлерді қуантып, қарсыласына мүмкіндік берді және жас қытайлық пайдалана білді.

Бублик кездесуді тай-брейкке жеткізді де, оны 7:2 есебімен аяқтады. Матч кезінде қазақстандық теннисші 15 рет эйс орындады.

Бубликтің жартылай финалда Маркос Жирон мен Михаэль Ммо арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!