Бокстан Бакудегі турнир: бүгін төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады

18:00, 27 наурыз 2024

© Сурет: olympic.kz

Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирі жалғасып жатыр. Бүгін төрт қазақстандық боксшы финал жолдамасын сарапқа салады, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшылар:

  • 48 келі: Теміртас Жүсіпов - Адам Әлиев (Ресей);
  • 54 келі: Тимур Қабдешов - Максим Кузнецов (Ресей);
  • 60 келі: Талғат Сырымбетов - Бахтиер Асадов (Өзбекстан);
  • 71 келі: Дархан Дүйсебай - Касра Тахмасеви (Иран).

Бұған дейін Сағындық Тоғамбай 92 келі салмақта турнирдің финалына шыққан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!