Нұрлан Ағытаев та алаяқтар құрбаны болды

14:28, 27 сәуір 2024

© Сурет: gov.kz

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) бастығы Нұрлан Атығаев бүгін, 2024 жылы 27 сәуірде әріптестері мен достарына жүгініп, маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық ТЖД-ның басшысы Instagram-дағы парақшасында үндеу жариялады.

"Құрметті әріптестер, достар! Менің атымнан алаяқтар ақша сұрап, хабарлама жолдауда. Мұндай хабарламаларға жауап бермеулеріңізді сұраймын. Өйтпеген жағдайда Сіздердің де мәліметтеріңізге қол жеткізу үшін телефон жадысын "бұзып кіруі" мүмкін", - деп жазды Нұрлан Атығаев.

2024 жылғы 11 сәуірде Олжас Бектеновтың атынан жалған хабарламалар тарап жатқаны белгілі болды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды да, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те осындай жағдайға тап болды. Кейінірек кейбір азаматтар Білім министрі Ғани Бейсембаевтан да хабар ала бастады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!