БҚО-ның екі тұрғыны ҰТО қызметіне заңсыз араласқаны үшін сотталды

09:30, 25 мамыр 2024

© Сурет: Zakon.kz

2024 жылғы сәуірінде Орал сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарындағы қылмыстарды жасағаны үшін әрқайсысы 2 жыл 6 ай бас бостандығыннан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқара алмайды.

Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды, оған сәйкес сотталғандар 2021-2022 жылдары Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізіп және көшірген.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!