БҚО-да үйін су басқан 400-ге жуық адам тікұшақпен аудан орталығына жеткізіледі
© Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
27 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Қоржын ауылы тасқын судың астында қалды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірге тікұшақпен аталған елді мекенге барып, тұрғындарды құтқару жұмыстарына жетекшілік етті.
Өңір басшысы ауыл халқымен кездесіп, оларға мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін айтты.
Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
“Баршаңызды сабырға шақырамын. Табиғи апат салдарынан облыстың бірнеше ауданы зардап шегіп жатыр. Сіздерге келген шығын бойынша арнайы комиссия құрылады. Келтірілген залалдың бәрі есептеледі. Мемлекет тарапынан тиісті көмек беріледі. Қазір сіздерді төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірге су тасқынынан құтқаруға келдік. Тікұшақпен баршаңызды аудан орталығы Қаратөбеге, қауіпсіз жерге жеткіземіз" - деді облыс әкімі.
Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігінің мамандары, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 400-ге жуық ауыл тұрғынын тікұшақпен аудан орталығына жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бірінші кезекте балалар мен әйелдер, денсаулығы нашар және мүгедектігі бар жандар жеткізілді.
Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атап өтерлігі, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынын алдын алуға көрші облыстардан мамандар мен күш құралдары жұмылдырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:47, 27 сәуір 2024
Абайсызда кісі өлтірді деп айыпталған прокуратура қызметкері 1,5 жылға сотталды
-
14:28, 27 сәуір 2024
Нұрлан Ағытаев та алаяқтар құрбаны болды
-
13:58, 27 сәуір 2024
Тоқаевпен кездескен елордалық жас: Арманым орындалды!
-
13:44, 27 сәуір 2024
Қар аралас жаңбыр, бұршақ: Еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
-
12:43, 27 сәуір 2024
Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырымда жер сілкінісі тіркелді