Биылғы Құрбан айт мерекесінің қашан басталатыны белгілі болды

18:13, 30 маусым 2022

Нұр-Сұлтан. 30 маусым. 7kun.kz – 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Бұл туралы бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Һижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың зұлхижжа айының басталуы 30 маусым болып бекітілді. Ал арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ ол Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет екенін атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!