Бірер сағаттан соң Димаш Құдайбергенов «Мен әншімін» байқауының финалында өнер көрсетеді
Енді бір сағаттан соң «Мен әншімін» байқауының финалы. Оны «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар.
Димаш Құдайберген шешуші кезеңде қытайлық әнші Шан Ваньцземен саханаға шығады. Жерлесімізді қолдауға Қазақстаннан бір топ көрермен барған.
Нұрбек Бекен, тілші:
-Болжам көп. Әркім өзінің бүйрегі бұратын әншісі жеңеді деп үміттенеді. Біз де Димаш топ жарып, жеңімпаз атанады деп ойлаймыз. Оның қаншалықты танымал, нағыз жұлдыз екені дәл осы Чаншада анық байқалады. Жанкүйерлері өте көп. Ақтық сында Қазақстаннан Димашты қолдауға анасы Света Айтбаева, ұстазы Айман Мұсақожаева, Лұқпан Жолдасов сияқты бір топ қазақстандықтар келді. Қытайдағы Қазақстанның елшісі Шахрат Нұрышев та көрші мемлекеттердің мәдени байланысын нығайтқан мақтанышымызды қолдау үшін осында жүр. Сонымен ән патшасын осы шоуды залда тамашалап отырған 500 көрермен анықтайды. Бұған дейін әрбір кезеңнің жеңімпазын олар бюллетен арқылы дауыс беріп таңдап келген. Енді финалда, электронды құрылғымен өз дауыстарын береді. Байқаудың басынан бері Димашты саханада таныстырушы әрі аудармашы болып жүрген әнші Арай Айдархан жарыстың әділ өтетіне сенімді.
Арай Айдархан, әнші:
-Бұл бағдарламаның, жарыстың шешімін халық жасайды. Әнші сондай танымал болса да, осы бағдарламаға келіп, өзін сынайтыны сондықтан.
Нұрбек Бекен, тілші:
-Ғасырда бір туатын дауыс иесі Димаш Құдайбергенов жеңімпаз болады деп сенетіндер көп. Шынымен Димаштың ән ортасында жоғары нотаны алып шырқауы залда отырғанда өте керемет, ұмытылмастай әсер береді екен. Сонымен финалда Қытайда электронды музыка жанрында ерекше танымал Шаң Ваньцземен өнер көрсетеді. Олар Майкл Джексонның әлемге танымал хит әндерін орындайды. Қойылымның ортасында саханаға бірнеше ұлттан тұратын бір топ бала шығып, қайырмасына қосылады.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





