Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам көз жұмды

10:28, 29 қазан 2020

Елімізде өткен тәулікте бес адам коронавирустан, бір адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 201 адам ем-дом алып жатыр, оның 287-сі - балалар. Ауруханаларда 2 289 науқас, амбулаториялық деңгейде 912 науқас ем алуда.

117 адамның жағдайы ауыр, 13-інің денсаулығы өте ауыр деп бағаланады, 15 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!