«Бетінің бір бөлігі жоқ»: Жамбылда дәрігерлер үш жылдан бері кім екені белгісіз әйелді емдеп келеді
© Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысының Қордай аудандық орталық ауруханасында үш жылдан бері кім екені белгісіз әйел тұрып жатыр. Ол жадына зақым келген күйде, құжатсыз және ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Алайда осы уақытқа дейін пациенттің жеке басын анықтау мүмкін болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 7 қазанда КТК телеарнасының сайты жазғандай, Қордай аудандық орталық ауруханасында тұрып жатқан белгісіз әйел туралы әлеуметтік желідегі видеодан белгілі болған. Видео авторы медицина қызметкерлері әйелді қосалқы бөлмеге тастап, оған көмектеспей отырғанын айтқан.
Алайда аурухана бұл ақпаратты жоққа шығарды. Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, әйел өзі туралы ештеңе есіне түсіре алмайды.
"Мекенжайын, туыстық байланыстарын анықтау мүмкін болмады. Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерінде пациент туралы мәліметтер жоқ. Осыған байланысты оның жеке басын анықтай алмай отырмыз. Қазір ол хирургия бөлімінде жатыр, ем қабылдап жатыр", – деді Қордай аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Назгүл Тобышақова.
Сырт көзге әйел шамамен 60 жаста. Кадрлардан оның бетінің бір бөлігі жоқ екені байқалады. Алайда дәрігерлер пациенттің диагнозын жарияламады.
Мамандардың айтуынша, үш жыл бойы әйел туралы қандай да бір мәлімет анықтауға тырысқан. Оны Тараз бен Алматыдағы бейімдеу орталықтарына орналастыруға да әрекет жасаған. Алайда бұл жоспар жүзеге аспаған.
Сондықтан медицина қызметкерлері әйелді өз қарауына алуға мәжбүр болған. Қазір оның жеке басын полиция анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, әйел Қырғызстаннан болуы мүмкін.
Бұған дейін Тараз тұрғындарын күндіз болған қатыгез кісі өлімі дүр сілкіндіргені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:18, 8 қазан 2026
Алматы облысында иесіз қалған 90 итке жаңа үй іздестіріліп жатыр
-
13:04, 8 қазан 2026
Қостанайда мас ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасауға әрекеттенді
-
12:52, 8 қазан 2026
АҚШ әуежайында екі ұшақ соқтығысты
-
12:44, 8 қазан 2026
СҚО-да зейнеткер пәтерін сатып, ақшасын алаяқтарға аударған
-
12:37, 8 қазан 2026
Маймыл бірнеше үйге кіріп, алкоголь ішіп, бес адамды жарақаттады





