Бес күн жапан далада қалып, қармен қоректенген: Абай облысында малшы құтқарылды
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2026 жылдың 22 наурызында Абай облысында бес күн бойы далада қалған шопан құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, кеше түнде құтқару қызметіне адамның жоғалғаны туралы хабар түсті. 17 наурыз күні 1969 жылы туған ер адам Абай облысының Абай ауданындағы шаруа қожалығынан мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Оның орналасқан жері белгісіз болып, телефоны сөндірулі болған.
Іздеу жұмыстарына жоғары өтімді техникамен ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылды.
22 наурызда таңертең іздеу тобы ер адамды далада тауып алды. Малшыға ыстық шай беріліп, жарақаттанған аяғы таңылып, медициналық көмек көрсету үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді.
"Белгілі болғандай, бес күн бұрын ол далада жатқан атты байқап қалған. Жануарды тұрғызуға көмектеспек болған сәтте ер адам аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Осыдан кейін ат иесінен алыстап кеткен, ал ол далада жалғыз қалған. Осы уақыт бойы ол қар жеп күн көрген. Бақытымызға орай, ауа райының салыстырмалы түрде жылы болуы үсіп қалудың алдын алған",- делінген ақпаратта.
ТЖМ алыс аймақтарға шыққанда міндетті түрде байланыс құралдарын алып жүру, бағытыңызды хабарлау және жалғыз жолға шықпау қажет екенін ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:00, 22 наурыз 2026
Жаңаөзенде із-түзсіз жоғалған 47 жастағы мұғалім іздестіріліп жатыр
-
17:46, 22 наурыз 2026
Ұлытау облысында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті
-
17:21, 22 наурыз 2026
Қазақстан мен Иран президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады
-
17:16, 22 наурыз 2026
Атырауда Наурыз мейрамы кең көлемде тойланды
-
17:01, 22 наурыз 2026
Атыраудағы Digital Nauryz: дәстүр мен технология тоғысы





