Жаңаөзенде із-түзсіз жоғалған 47 жастағы мұғалім іздестіріліп жатыр
© Фото: Zakon.kz
Жаңаөзен қаласында сегіз айдан бері із-түзсіз жоғалып кеткен 47 жастағы Дина Жарылғасова іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК дерегінше, ол өткен жылдың тамыз айында үйінен беймәлім бағытқа шығып кеткен. Содан бері туыстары әйелдің хабар-ошарсыз кеткенін айтып отыр.
Жергілікті Lider.kz еріктілерінің мәліметінше, Дина Жарылғасова Жаңаөзен қаласындағы 1-шағын ауданда тұрған. 47 жастағы әйел 20 жылдан бері мектепте оқытушы болып жұмыс істепті. Ол былтыр 5 тамыз күні шамамен кешкі сағат жетіде үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Туыстарының айтуынша, жоғалған әйелдің бойы шамамен 1 метр 70 сантиметр, дене бітімі орташа. Жоғалған күні ол үстіне ақ бұршақ қара көйлек пен өрнекті ұзын қызыл жилет киген. Туыстары мен еріктілер әйелді көрген немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан хабарласуды сұрайды.
"Соңғы рет тергеуге көп сыныптастары түскен. Сыныптастарымен араласқан. Жалпы олар жақсы араласатын. Оларды бір-бірлеп шақырды. Барлығынан анықтама, куәлік алды. Сіңлім екеуіміз күтіп отырмыз. Барымыз да, нарымыз да, жалғыз қамқоршымыз да ... Білесіз, ондай жағдай оңай емес". Несібелі Қобылан, жоғалған әйелдің қызы:
Бұған дейін Ақтауда 39 жастағы әйел жұмыс іздеуге шығып, жоғалып кеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:46, 22 наурыз 2026
Ұлытау облысында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті
-
17:21, 22 наурыз 2026
Қазақстан мен Иран президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады
-
17:16, 22 наурыз 2026
Атырауда Наурыз мейрамы кең көлемде тойланды
-
17:01, 22 наурыз 2026
Атыраудағы Digital Nauryz: дәстүр мен технология тоғысы
-
16:49, 22 наурыз 2026
Жетісудағы цифрлы Наурыз: роботтармен, дрондармен және ЖИ-мен бірге өткізілген мереке





