Науқасты Аягөзден Семейге тікұшақ арқылы жеткізді

15:24, 22 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" тікұшағы Абай облысында Аягөз қаласынан Семейге санитарлық рейс орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, 1959 жылы туған әйел жедел түрде облыс орталығына медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді.

Жол шамамен 300 км құрады.

"Ұшу штаттық режимде өтті. Науқас медицина қызметкерлеріне тапсырылып, мамандардың бақылауында".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы облысының сарбаздары тасқын су қаупіне байланысты солтүстікке келгендігін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!