22 наурызда еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 22 наурызда Астана мен еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлауы ықтимал екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"22 наурызда Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі",- делінген синоптиктер хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін 22 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:22, 22 наурыз 2026
Катарда әскери тікұшақ апатқа ұшырады
-
10:57, 22 наурыз 2026
Балаева журналист Омарованың ұсталуына қатысты пікір білдірді
-
10:23, 22 наурыз 2026
Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді
-
09:59, 22 наурыз 2026
Қазақстанның екінші ракеткасы Майамидегі «Мастерс» турнирінде сенсация жасады
-
09:08, 22 наурыз 2026
Наурыз достықтың символы тәрізді: әлем көшбасшылары Тоқаевқа хат жолдады





