Алматы облысының сарбаздары тасқын су қаупіне байланысты солтүстікке келді
© Фото: primeminister.kz
Солтүстік Қазақстан облысында тасқынның алдын алу үшін көмекке әскерилер жетті. Алматы облысынан барған 100 сарбаз Қызылжар ауданы мен Петропавлда қарғын сумен күрес шараларына жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетінші арна ақпаратына сүйенсек, қазір олар елді мекендерден қар шығарып, арықтарды тазартып жатыр. Қорғаныс бөгеттерін нығайту және инертті материалдарды әзірлеуге де атсалысуда.
"Бүгінде аймақта күн жылынып, қауіп артты. Сондықтан арнайы штаб құрылып, мамандар тәуліктік жұмыс кестесіне көшті",- делінген ақпаратта.
Инженерлер су айдындарында мұз жару жұмысын жүргізуде. Жалпы облыста 112 ауыл бақылауға алынған.
"Әскери бөлімнен 100 адам және 8 техника келді, жүзу қайығымыз бар. Жылда осы аумақта су алу жағдайы болғандықтан және осы қыста қар көп түскен себептен алдын алу жұмыстарын өткізуге келдік. Қардың бәрі еріп, жер кеуіп, барлығы жақсы болғанша, осы жұмыстарды атқарамыз". Жаслан Хамитов, Батальон командирі
Бұған дейін Қарағандыда әйелдің үстіне бағана құлап, көз жұмғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:24, 22 наурыз 2026
Науқасты Аягөзден Семейге тікұшақ арқылы жеткізді
-
14:55, 22 наурыз 2026
Гавайда су тасқынына байланысты мыңдаған адам эвакуацияланды
-
14:27, 22 наурыз 2026
Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды
-
13:23, 22 наурыз 2026
Иран Израильдің ядролық нысаны орналасқан аймаққа шабуыл жасады: ондаған адам зардап шекті
-
12:46, 22 наурыз 2026
Қосшыда жол жиегінен шақалақтың мәйіті табылды





