Қосшыда жол жиегінен шақалақтың мәйіті табылды

12:46, 22 наурыз 2026

© Фото: pexels

Қосшы қаласында жекеменшік үйлер орналасқан ауданның бірінде жол жиегінен ішінде шала туған нәрестенің мәйіті бар пакет табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала деректерге сәйкес, жүктіліктің мерзімі шамамен 6–7 ай болған.

nayza_kokshe мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын полиция мен медицина қызметкерлері анықтап жатыр. Мамандар баланың өлі туғанын немесе туғаннан кейін шетінеп кеткенін анықтауы тиіс.

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір барлық жағдайды жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Ақтөбеде өндіріс жарақатынан төсекке таңылған жігіт мардымды көмек алмағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!