Катарда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

11:22, 22 наурыз 2026

© Сурет: pixabay

22 наурыз күні Катар Қорғаныс министрлігіне тиесілі тікұшақ ел жағалауына жақын жерде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған. Бұл туралы ведомство X әлеуметтік желісінде хабарлады.

"Катар тікұшағы жоспарлы тапсырманы орындау кезінде техникалық ақауға ұшырап, соның салдарынан елдің аумақтық суларында құлады", – делінген ресми мәлімдемеде.

Қорғаныс министрлігі экипаж мүшелері мен жолаушыларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін терроризм тұрғысынан әлемдегі ең қауіпті өңір аталғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!