Батыс Қазақстанда боран мен дауыл салдарынан үш адам қаза тапты, мыңдаған абонент жарықсыз қалды

12:07, 16 желтоқсан 2025

© Фото: unsplash

Батыс Қазақстан облысында қатты боран соғып, өңірде ауыр зардаптар тудырды. Күшті желдің әсерінен 16 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды, ғимараттардың шатырлары ұшты, бірнеше көлік зақымданды.

Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында су мұнарасы құлады, бірақ ауызсу беру тоқтаған жоқ. Ал Атырауда ғимарат шатырының ағаштары көліктерді зақымдап, оқушылар онлайн оқуға көшті. Тасқала мен Жаңақала аудандарында да шатырлар мен тұрғын үйлерге зақым келген, деп жазады qazaqstan.tv.

Өкінішке қарай, Жәнібек, Бөкей ордасы және Қазталов аудандарында мал іздеп шыққан үш адам боранда адасып, қаза тапты. Бұған дейін 8 адам аман-есен құтқарылған. Қауіпсіздік шаралары ретінде 51 мектеп оқушылары қашықтан білім алды.

Қалпына келтіру жұмыстары Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек және Казталов аудандарында жалғасып жатыр, шамамен 5 мың абонент әлі жарықсыз. "Қазгидромет" алдағы күндері облыста қатты жел мен боран сақталуы мүмкін екенін ескертеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!