Бай әзербайжанның үйінде қонақта болған қазақ блогері өз таңданысын жасыра алмады

22:25, 26 шілде 2024

© Сурет: видеодан алынды

Блогер әрі мобилограф Қыран Талапбек Әзербайжан әншісі, кәсіпкер Эмин Агаларовтың қалай өмір сүріп жатқанын танытатын видеомен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео Instagram-да жарияланды.

"Бұл - SeaBreeze-дегі үйге ең эксклюзивті шолу. Масштабтары мен оның қиялы мені таң қалдырды. Бар болғаны 30% көрсете алғаныма бір ғана Reels жетпеді. Екінші бөлімді жасаймыз ба?", деп жазды блогер желіде.

Желі қолданушылары да бай-манаптың үйін көріп, аң-таң:

  • Тіпті шейхтер мұндай үйде тұрмайтын шығар.
  • Тым үлкен, сәл ішіңді пыстырады екен, ешкім жоқ, бос жатыр.
  • Керемет экскурсия. Өте әдемі.
  • Мына кеңістікті толтыру үшін енді көп бала қажет болады.
  • Үй керемет.

Бұған дейін Талапбектің әзірбайжандық әнші және кәсіпкер Эмин Агаларовтың жеке мобилографы болғаны белгілі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!