Бадминтоннан ел құрамасының көшбасшысы Париж Олимпиадасына жолдама ұтып алды

19:59, 17 сәуір 2024

© Сурет: olympic.kz

Бадминтоннан Қазақстан командасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасына жолдама ұтып алды. Ол аталған спорт түрінен Олимпиада ойындарында сынға түсетін алғашқы қазақстандық спортшы болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Панарин 25 005 ұпаймен 31-орынға тұрақтады.


"Негізі, ресми түрде іріктеу кезеңі 28 сәуірде аяқталады. Оған дейін әлі екі жарыс бар өтетін. Бірақ бұл турнирлердің қорытындысы бізге еш әсер етпейді. Ешкім бізден орнымызды да, лицензияны да тартып ала алмайды. Ал квотаны тарату бойынша ресми рәсімі 30 сәуірде өтеді", делінген хабарламада.

Айта кетелік, Дмитрий Панарин 2018 жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын қорғаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!