Ресей түрмелеріндегі Қазақстан азаматтарын мәжбүрлеп әкетіп жатыр: ҚР СІМ мәлімдеме жасады

17:13, 29 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz/Тамила Муратбек

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей түрмелерінде отырған Қазақстан азаматтарын Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп алып кететіні туралы дақпырт сөзге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы мағынадағы сауалды журналистер 29 сәуірде өткен брифинг барысында ҚР СІМ ресми өкіліне қойып көрді.

"Бұл - өтірік. Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан немесе тергеуде жүрген бір де бір Қазақстан азаматы соғыс іс-қимылдарына тартылған емес. Осындай жағдайға тап болған азаматтардың саны 100-ден астады деген ақпарат та шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда Ресейде 10-нан астам қазақстандыққа қатысты тергеу жүруде, бірақ олар Telegram-арналар мен әлеуметтік желі арқылы сонда жұмыс іздеп барғандар", - деп түсіндірді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, консул ұсталған қазақстандықтармен кездесіп, тағылған барлық айыптың заңдылығын қадағалап отыр. Жалпы, Қазақстан азаматтарына барлық консулдық-құқықтық көмек көрсетілетін болады.

"Егер біздің азаматтар әлеуметтік желі арқылы жұмыс тауып жатса, абай болғаны жөн. Өз қауіпсіздігіңіз бен оның салдарын алдын ала өзіңіз ойлап, жағдайға дұрыс баға бергеніңіз жөн", - деді Айбек Смадияров.

Сәуір айының басында ҚР СІМ Ресейдегі қазақстандықтардан құжаттарын өзімен бірге алып жүруді ескерткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!