30 сәуірдегі түскі саудада доллар бағамы сәл көтерілді

16:05, 30 сәуір 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,64 теңгеге көтеріліп, 442,05 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 60,84 теңгені (+0,02) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 473,09 теңге, рубльді 4,75 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 442,3-443,9 теңгеге, еуро 473-477 теңгеге, ресей рублі 4,67-4,77 теңгеге сатылуда.

Ал 30 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,31%-ға қымбаттап, барреліне 88,67 долларды құрады.

WTI келісімшарттары барреліне 0,38%-ға өсіп, 82,94 долларды құрады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!