Қарағанды облысының полицейлері зейнеткерді алаяқтардың арбауынан құтқарды
© Сурет: Zakon.kz
Алаяқтық қылмысының алдын алу мақсатында үздіксіз жүргізілетін профилактикалық іс-шараларға қарамастан, алаяқтардың айла-тәсілдеріне алданып, қомақты қаржыларынан айырылып қалатын азаматтар аз емес.
Ал тәртіп сақшылары күн сайын алаяқтық фактілерінің жолын кесу мақсатында жұмыс атқарады. Өткен сенбі күні Қарағанды облысы Абай ауданының 71 жастағы тұрғыны телефонына түскен белгісіз қоңырауға жауап беремін деп алаяқтың арбауына түскен.
"Банктің қауіпсіздік қызметінің маманымын" деп қоңырау соққан белгісіз біреу азаматшадан 3 миллион теңге несиесін жабуын талап еткен.
Ондай ақшасының жоқ екенін айтқан азаматша олардың берген нұсқауымен облыс орталығына келіп, несие рәсімдеп, алаяқтарға жібермек болған екен. Тұрғынға телефон соққандар облыс орталығына келу үшін такси жалдап берген. Жолай азаматшаның күдік тудырған бөгде біреумен телефон арқылы әңгімесін естіген такси жүргізушісі жергілікті жердің полиция қызметкерлеріне хабар берген.
Кейін такси жүргізушісі полиция қызметкерлерінің берген нұсқауымен жол шетіне тоқтаған. Сол кезде алаяқтар такси оған хабарласып, не себепті тоқтағанын сұраған. Жүргізуші бірден оларға бірнеше сылтау айтып, тәртіп сақшылары келгенше уақыт соза тұрған. Содан Абай аудандық полиция қызметкерлері сол көлікке отырып, зейнеткерге кімге ақша аударайын деп жатқанын түсіндірген.
Такси жүргізушісі зейнеткер мен полиция қызметкерлерін алғашында банкке, кейін алаяқтар берген нұсқау бойынша "ақша аудару" үшін сауда үйіндегі терминалға апарған, бірақ ешқандай ақша аудармаған. Кейін сауда үйіне барғанда зейнеткер алаяқтарға сол жердегі терминалдың жұмыс істемей қалғанын және өзінің денсаулығы нашарлап кеткенін айтқан.
Сол кезде алаяқтар зейнеткерге дауыс көтеріп, қорқыта бастаған. Алайда олар зейнеткердің жанында полиция қызметкерлері болғанын сезбеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:53, 17 мамыр 2024
Көкшетауда үш жасар бала бір айлық сәбимен бірге пәтерде қамалып қалған
-
20:40, 17 мамыр 2024
Батыс Қазақстан облысында ауылдық елдімекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
-
20:33, 17 мамыр 2024
Есірткіні кофе орамасына салып, елордадан Көкшетауға жеткізбек болған жас ұсталды
-
20:18, 17 мамыр 2024
Тоқаев Маңғыстау облысының жаңа әкімі алдындағы міндеттерді айқындап берді
-
19:54, 17 мамыр 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге Құлсарының қауіпсіз аймағынан жер телімдерін беру ұсынылды