Азия чемпионаты: Аида Әбікеева Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының боксшысы Аида Әбікеева бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті. Спортшы 63 келіге дейінгі салмақта үздік атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалдық кездесуде Әбікеева вьетнамдық Ха Линмен жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Алғашқы алтынды Виктория Графеева (60 келіге дейін) жеңіп алған еді.
Сонымен қатар құрлық біріншілігінде Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін), Жазира Орақбаева (52 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Милана Сафронова (66 келіге дейін) және Диана Мағауияева (75 келіге дейін) қола медаль иеленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:04, 15 қаңтар 2025
Израиль мен ХАМАС Газа секторындағы атысты доғару бойынша өзара келісімге келді
-
22:46, 15 қаңтар 2025
Шымкентте емхана дәрігерін балағаттаған ер адам бес тәулікке қамауға алынды
-
22:30, 15 қаңтар 2025
«Көктайғақ болып, қар бұрқасындатады». Астана мен еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:55, 15 қаңтар 2025
Елордалық әйел әкімдікте танысы барын айтып, 57 млн теңгеге 28 адамды сан соқтырған
-
21:31, 15 қаңтар 2025
Көлігінің тіркемесінен 19 киіктің тушасы табылған төрт қызылордалық құрықталды